Джейкобс GGG - "Канело" екінші жекпе-жегіне қатысты тұжырымын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Дэниэл Джейкобс. Сурет: HBO Boxing Дэниэл Джейкобс. Сурет: HBO Boxing

Америкалық Дэниэл Джейкобс украиналық Сергей Деревянченкомен болатын жекпе-жекте орта салмақтағы IBF титулын кім алуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Америкалық Дэниэл Джейкобс украиналық Сергей Деревянченкомен болатын жекпе-жекте орта салмақтағы IBF титулын кім алуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қарсыластардың екеуі де Андре Розьенің қоластында жаттыққандықтан бұрындары спаррингтік серіктес болған. Жекпе-жекте бапкер Розье жаттығу залына 14 жасында келген Джейкобстың жағында болатынын айтты. "Сергей нағыз ер азамат және менің досым, бірақ мен оны ағам ретінде санамаймын. Ол менің арманымды орындау жолында тұрғандықтан енді Деревянченко - менің жауым. Қазіргі басты мақсатым алаңға "Өлтіру ме, әлде өлі болып шығу ма?" деген оймен күресу", - деді Джейкобс BoxingTalk тілшісіне берген сұхбатында. 

Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің арасында болған жекпе-жекке қатысты Джейкобста өз ойын білдіріп кетті. Жекпе-жек қазылар алқасының шешімімен "Канелоның" жеңісімен аяқталды. Головкин бокс карьерасында алғаш рет жеңіліс тауып, орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылды.

"Жекпе-жекті алғаш рет көргенімде Головкин бір-екі ұпайға алда келе жатты деп ойладым. Бірақ кейінірек қайта қарап шықсам жекпе-жек тең түскенін байқадым. Жекпе-жек не тең аяқталуы керек еді, не Головкин жеңуі керек еді", - деді Джейкобс. 

Айта кетейік, Джейкобс 2017 жылдың наурызында Головкинмен өткен жекпе-жегінде қазылар алқасының шешімімен жеңіліп қалды. Алайда ол қазақстандықпен барлық 12 раундқа созылған кездесуге шыдаған тұңғыш боксшы атанды. 

IBF титулымен маусым айының соңына дейін Головкин иеленген еді, бірақ ұйым 3 тамызда Деревянченкомен өтуі керек жекпе-жекке жазбаша келісім беруден бас тартқаны үшін белбеуін тартып алды. Нәтижесінде IBF 27 қазанда Нью-Йоркте өтетін Украина мен Джейкобс арасындағы жекпе-жекке санкция қойды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer