WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) қазақстандық Геннадий Головкинді (36-0, 33 КО) жеңетіндей барлық мүмкіндігі барын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) қазақстандық Геннадий Головкинді (36-0, 33 КО) жеңетіндей барлық мүмкіндігі барын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Бұл менің спортағы шыңым. Мен жаратушының көмегінсіз осындай жетістікке жетіп, жеңімпаз бола алмас едім. Бұл жекпе-жекте жеңу үшін менде барлық мүмкіндіктің барына сенемін. Бруктің қолы қысқа әрі мықты болмады. Головкин қорғанысындағы кемшіліктерін көрсетіп қоятынын мен де күтпедім. Олардың бірнешеуін біз бірнеше жыл бойы көріп келеміз. Бокс әлеміне алғаш қадам басқанда, мен бұл жігіт туралы Ресейден шыққан жаналғыш деп естідім... Мен оны үнемі бақылап жүрдім. Головкин өте мықты, мұны елемеуге болмайды. Бірақ біз бұрыннан байқап жүрген әлсіз тұстары сол күйде өзгермеген", - деп келтіреді Джейкобстың сөзін The Los Angeles Times.
Сондай-ақ, ол мықты екенін, ірі екенін және қолын жақсы сермейтінін айтты. "Басқа да физикалық басымдықтарым бар. Бастысы өзімнің жақсы тұстарымды пайдаланып, оған өзінікін пайдалнуға мүмкіндік бермеу. Бұл әлемге өзімнің икемділігімді байқатудың алғашқы мүмкіндігі," - деп мәлімдеді боксшы.
Мұның алдында америкалық боксшы Головкинннің командасына осы жекпе-жекті қабылдағандарына алғыс білдірген болатын. "Бұл өткізіп алуға болмайтын жекпе-жек. Рингте екі чемпион, екі нокаутшы, ең үздіктер жұдырықтасады", - деген еді ол.
Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстанда жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрсетіледі.