27 маусым 2018 | 10:26

Джейкобс Головкиннен тартып алынған чемпиондық белбеу үшін жұдырықтаспауы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© iwbc.ru © iwbc.ru

Геннадий Головкиннен тартып алынған IBF ұйымының орта салмақтағы чемпиондық белбеуі үшін америкалық Дэниел Джейкобс пен украиналық Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жек болмауы мүмкін, - деп жазады allboxing.ru


Иконка комментария блок соц сети

Геннадий Головкиннен тартып алынған IBF ұйымының орта салмақтағы чемпиондық белбеуі үшін америкалық Дэниел Джейкобс пен украиналық Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жек болмауы мүмкін, - деп жазады allboxing.ru

Промоутер Эдди Хирннің айтуынша, Джейкобс шаршы алаңға жекпе-жекті НВО арнасынан көрсетсе ғана шығады. Боксшының телеарнамен келісімі бар. Олай болмаған жағдайда америкалық жұдырықтасудан бас тартады. 

5 шілдеде Джейкобс - Деревянченко жекпе-жегі бойынша сауда басталады. Осы саудада жеңіске жеткен промоутер түрлі арналардың ұсынысын қабылдайды. 

Ал Джейкобс жекпе-жектен бас тартқан жағдайда IBF Деревянченкоға басқа қарсылас табады. Дегенмен ол қарсыласпен украиналық боксшының табысы кемиді. 

"Келесі жекпе-жегі НВО арнасынан көрсетілуі тиіс. Егер келісе алмасақ, Деревянченко осы жекпе-жекке ұсынылған қаржының жартысы үшін ғана Деметриус Андрадемен жұдырықтасады. Дибелла келістіре алмаса, істің соңы Андрадемен тиын үшін жекпе-жекпен бітеді", - дейді Хирн. 

Еске салайық, орта салмақтағы IBF белбеуі Головикннен тартып алынғаннан кейін босап қалған еді. Белбеудің тартып алынуына себеп Головкиннің 3 тамызда міндетті қарсылас Деревянченкомен жекпе-жек өткізетінін жазбаша мақұлдамау болды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети