Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) жекпе-жегіне қандай жоспар құрып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) жекпе-жегіне қандай жоспар құрып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Головкинмен жекпе-жек - спорттағы мансабымның шыңы. Атынан ат үркетін адамның қарсыласым болғанына қуаныштымын. Мен ешқашан оңай жолды таңдамағанмын, таңдағым да келмейді. Жұрт өмірін оңайлатуды сұрап, жалбарынса, мен қиын кедергілерден өтуге күш-жігер сұраймын. Головкинге дәл соққы жасау қиын емес, бірақ ол қарсыласына сытылып кетуге мүмкіндік бермейді. Оның үстіне мығым джебі бар. Менің жоспарым - өз қаруыммен оның басымдықтарын жою. Мұны қалай жасау керек екенін де білемін", - деп келтіреді The Guardian Джейкобстың сөзін.
Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.