Бапкер Андре Розье Boxing News 24 порталына берген сұхбатында Дэниэл Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкиннің қорғанысын күл-талқан ететінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бапкер Андре Розье Boxing News 24 порталына берген сұхбатында Дэниэл Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкиннің қорғанысын күл-талқан ететінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Дэнни бұл жекпе-жекке дайын. Оның соққыларынан нокаутқа түспей қалған үш адам ғана бар. Дэнни өте жылдам панчер, егер Головкин рингте жүгіріп жүріп соққыларына жауап алмаймын деп ойласа, қатты қателеседі. Жекпе-жек басталмай жатып аяқталуы мүмкін. Дэнни алты жылдан бері қатты өзгерді. Пирогпен жұдырықтасқан кезде ол соққыны өткізіп алмай тұрып, барлық раундты ұтқан еді. Жұрттың бұл жұдырықтасуды ұмытқаны мені үнемі таңдандырады. Олар екі жайтты ғана есте сақтаған - нокдаун және төрешінің Дэнниге жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат бермегені. Головкин үнемі бір әдісін қайталай береді. Денеден ұрып, соққы өткізіп алады. Көп ұра берсе - қорғаныстан ақау кетеді, ал 18 наурызда ол күл-талқан болады", - деп келтіреді "Чемпионат" бапкердің сөзін.
Еске салайық, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстанда жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрсетіледі.