IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы, ауыр салмақтағы ұлыбританиялық боксшы Энтони Джошуа мен украиналық Владимир Кличко арасындағы жекпе-жектің билеттері сатылу жөнінен Ұлыбританияда рекорд орнатты, - деп хабарлайды "Р-Спорт" ESPN басылымына сілтеме жасап.

Дүйсенбіде, 19 қаңтарда екі чемпионның кездесуінің билеттерінің екінші партиясы келіп, екі сағаттың ішінде сатылып кеткен. Сатылған билеттердің жалпы саны 80 мыңнан асты. Осылайша, Энтони Джошуа мен Владимир Кличко жекпе-жегінің билеттері Ұлыбританияда сатылу жөнінен рекорд орнатты. Осыған дейінгі рекорд 2014 жылы болған екен. Ол кезде ұлыбританиялық екі боксшы - Карл Фроч пен Джордж Гроувс жекпе-жегіне сатылған билеттердің саны шамамен 77 мың болған.
"Жекпе-жек билеттеріне деген сұраныс таңғаларлық. Бұл кездесудің Ұлыбритания тарихында ең үлкен жекпе-жек екені сөзсіз", - деді промоутер Эдди Хирн.
Айта кетейік, Джошуа мен Кличко жекпе-жегі 29 сәуірде Лондондағы "Уэмбли" алаңында өтеді.