Допинг-сынақтан өте алмаған Альваресті өмір бойына спорттан шеттету ұсынылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© RingSide24 © RingSide24

Ирландиялық боксшы Эрик Донован (7-0, 4 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (49-1-2, 34 КО) допинг-сынақтан өте алмағаны үшін спорттан өмір бойына шеттетуді ұсынды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ирландиялық боксшы Эрик Донован (7-0, 4 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (49-1-2, 34 КО) допинг-сынақтан өте алмағаны үшін спорттан өмір бойына шеттетуді ұсынды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Альварестің сынамасынан кленбутерол деген тыйым салынған зат табылған. Боксшының командасы мұны тағамнан еніп кеткен деп ақталып отыр. Канелоның екі бірдей допинг-сынамасынан осы тыйым салынған зат табылған.

Донованның пікірінше, Альварес жазалануы тиіс, себебі мексикалық препаратты қасақана қолданған болуы мүмкін.

"Кленбутерол - жеңіл препарат емес, еттен келді дей алмайсың. Бұл Амстердамда қаныңнан марихуана шығып тұрса да, тәтті наннан деп ақталғандай күй. Препарат майды жойып, бұлшықет массасын өсіреді және демалуға көмектеседі. Мұны қасақана қабылдасаң, қатты зақым келмейді. Өмір бойына шеттету", - деп жазды ол Twitter желісінде. 

Боксшының бұл пікірін аса ауыр салмақта жұдырықтасатын америкалық Эдди Чемберс (42-5, 23 КО) қолдады, айтуынша, "Альварестің ісі" жазамен аяқталуы тиіс.

"Спортшы мықтылығын арттыру үшін әлдене қолданса, масқара болады. Бокс - бұл спорт, мұнда қарсыласыңа зақым келтіруің керек. Сондықтан допингпен ұсталсаң, ақталу емес, салдары болуы тиіс! Мексикалық сиырлар ақталу үшін жақсы сылтау болды. Алайда GGG - "Канело" жекпе-жегіне көп ақша жұмсалады, бірдеңе бола қалса сұмдықтың куәсі боламыз", - деп жазды Чемберс.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro