Допингпен ұсталды. Сергей Ковалев пен өзбек боксшының жекпе-жегі өтпеуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Допингпен ұсталды. Сергей Ковалев пен өзбек боксшының жекпе-жегі өтпеуі мүмкін

Жартылай ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы Сергей Ковалев (34-4-1, 29 КО) допингке тесттен өте алмады. Бұл туралы ESPN сарапшысы және бокс шолушысы Дэн Рафаэль мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның айтуынша, VADA өкілдері бұл мәліметті растады.

Ковалев кейінгі жекпе-жегінде мексикалық Сауль "Канело" Альварестен жеңілген болатын. Оның келесі кездесуі 30 қаңтарда 2016 жылғы Олимпиада жүлдегері өзбекстандық  Бектемір Bek Bully Меликузиевке (6-0, 5 КО) қарсы өтуі керек еді. Бұл кездесу бастапқыда Мәскеуде жоспарланып, кейін Америкаға ауыстырылған. Енді жекпе-жек мүлде болмайтынға ұқсайды.

"Сергей Ковалевтің тесті синтетикалық тестестерон барын көрсетті. VADA өкілдерінен хат алдым, онда мән-жай айтылған. Демек оның 30 қаңтар DAZN платформасындағы Бектемір Bek Bully Меликузиевпен жекпе-жегі өтпейтін шығар", - деп жазыпты Рафаэль твиттер желісінде. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети