Орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдарындағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өткен жексенбі күні өзінің кезекті жекпе-жегін Дэниел Гилге қарсы өткізіп, кездесудің үшінші раундында аустралиялық боксшыны нокаутқа түсірді, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.
Орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдарындағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өткен жексенбі күні өзінің кезекті жекпе-жегін Дэниел Гилге қарсы өткізіп, кездесудің үшінші раундында аустралиялық боксшыны нокаутқа түсірді, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.
Бірінші раунд
Жекпе-жектің өзіне тоқталмас бұрын қос тараптың промоутерлері бұл кездесуге қалай қол жеткізгенін еске түсірейік. Баршаңызға белгілі, Головкин кәсіпқой рингте өзінің (Гилге дейінгі) соңғы жекпе-жегін ақпан айында Осуман Адамаға қарсы өткізіп, ганалық боксшыны сұлатып тастаған еді. Одан кейін Геннадий кезекті кездесуін үстіміздегі жылдың сәуір айында өткіземін деп жоспарлады. Бірақ, әкесінің өмірден озуына байланысты отандасымыз ол кездесуге шығудан бас тартты. Елге келіп, әкесін соңғы сапарға аттандырып болғаннан кейін, Головкин өнер көрсететін K2 Promotions промоутерлік компаниясының директоры Том Леффлер қазақстандық былғары қолғап шебері мексикалық кіші Хулио Сезар Чавеспен жұдырықтасады деп мәлімдеген еді. Дегенмен арада біраз уақыт өткен соң, бұл жекпе-жектің болмайтыны туралы хабар тарады. Оған себеп ретінде мексикалық боксшы бұл жекпе-жек үшін оған төленетін сыйақы мөлшерінің аздығын алға тартты.
Головкин мен Чавес жұдырықтаспайтыны белгілі болғаннан кейін Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) аз ғана кідіріс жасады да, кейін Головкинді аустралиялық Джаррод Флетчермен шаршы алаға шығуға міндеттеді. Тіпті, қауымдастық егер қазақстандық боксшы бұл жекпе-жекке шықпаса, чемпиондық атағынан айырылады деп үрейлендіріп қойды.
Бірақ, арада біраз уақыт өтпей Том Леффлер Головкиннің келесі қарсылас Гил болатынын ресми түрде жариялады. Гилмен кездесу үшін, промоутер қауымдастықтан Джаррод Флетчермен чемпиондық атағын міндетті түрде қорғауға тиісті жекпе-жегін кейінге шегеру туралы өтініш жасаған. Сөйтіп, Головкин мен Гилдің промоутерлері ресми түрде келісімге келіп, бұл кездесу 26 шілдеде Нью-Йоркте өтеді деп бекітті.
Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.