Америкалық танымал бапкер Роберт Гарсия боксшылар Андре Уорд пен Геннадий Головкин рингке шықса соңғысына бәс тігетінін мәлімдеді, алайда ол бұған дейін Головкин жеңе алмайды деп ойлап келгенін айтып отыр. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі Головкиннің "ВКонтакте" желісіндегі тобына сілтеме жасай отырып хабарлады.

"Соңғы бірнеше жекпе-жегінен кейін GGG, меніңше, Уордты талқандайды! Ертеде мен Уордты таңдайтын едім, бірақ ол соңғы жылдары белсенді болмады, аз төбелесті. Ол таяуда рингке оралды, бірақ, меніңше, ол өз қалпына келуі үшін үш-төрт жекпе-жек өткізуі керек. Сондықтан егер жекпе-жек қазір өтсе GGG Уордты талқандайды! Бірақ бұл кездесу болады деп ойламаймын. Уорд 175 фунтта кездесу өткізуді жоспарлап отыр, ал Головкин 160-тағы титулдарды біріктіргісі келеді... Сондықтан біз бұл жекпе-жекті тіпті де көрмеуіміз мүмкін!", - деп мәлімдеді Роберт Гарсия.