16 тамыз 2016 | 17:21

Егер төрешілер қателескен болса, қарсыласымнан кешірім сұраймын - Тищенко

ПОДЕЛИТЬСЯ

© АҒР © АҒР

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында Ресей боксшысы Евгений Тищенко қарсыласы Василий Левитті жеңіп, алтын медальға қол жеткізгеннен соң төрешілер қателесуі мүмкін деген ой айтты. Бұл туралы 16 тамызда "Спорт-Экспресс" хабарлайды.


Иконка комментария блок соц сети

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында Ресей боксшысы Евгений Тищенко қарсыласы Василий Левитті жеңіп, алтын медальға қол жеткізгеннен соң төрешілер қателесуі мүмкін деген ой айтты. Бұл туралы 16 тамызда "Спорт-Экспресс" хабарлайды.

"Мен өзімнің жеңген-жеңбегенімді мүлдем білмедім. Мен ол туралы сын айта алмаймын. Егер де мен әділетсіз жеңген болсам, қарсыласымнан кешірім сұрағым келеді", - деді Тищенко. 

Осыған дейін 16 тамызда Левитпен болған кездесуден соң көрермендердің наразы болып ысқырғанына жауап берген: "Егер маған жеңісті берсе, яғни мен соған лайық болдым".

Еске салайық, 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Василий Левит кеше, 15 тамызда 91 келіге дейінгі финалдық кездесуде ресейлік боксшы Евгений Тищенкомен кездескен. Төрешілер Тищенкоға жеңіс берген кезде залда жиналған жанкүйерлер ысқырып, төрешілердің шешіміне өз наразылықтарын білдірді. Левит Рио Олимпиадасының күміс медалін жеңіп алды.

Айта кетейік, Олимпиада-2016 ойындары тамыздың 5-21-і аралығында өтеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети