Екі дүркін Олимпиада чемпионы Робейси Рамирес BoxingScene порталына берген сұхбатында кәсіпқойдағы алғашқы жекпе-жегіндегі жеңілісіне қатысты пікір білдірді. Кубалық боксшының америкалық Адан Гонсалестен (5-2-2, 2 КО) жеңілісі сенсация болды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Төрт раунд қорытындысы бойынша Гонсалес төрешілер шешімімнің бөлек шешімімен ұтты. Ал бірінші раундта ол Рамиресті нокадаунға түсірген болатын.
"Бұл жекпе-жекте жеңгенімді сеземін. Мүмкін ол жиі ұрған болар, бірақ, менің соққыларым таза болды. Бұл сәтсіздік, алайда, мен ораламын, маған сеніңіздер", - дейді Рамирес.
"Төрешілердің бөлек шешімі айтылғанда, мұндай жекпе-жекте жеңіске жету үшін мардымды бірдеңе қажет екенін түсіндім. Басынан-ақ мен оған шабуыл жасадым және жеңдім. Сіздер мені соңғы рет көріп тұрған жоқсыздар", - дейді Гонсалес өз кезегінде.
Еске салайық, 25 жастағы Рамирес Олимпиададағы алғашқы алтынын 2012 жылы Лондонда 52 келіге дейінгі салмақта жеңіп алған, 2016 жылы Риода 56 келіге дейінгі салмақта бірінші болған.
2018 жылы шілдеде Рамирес Мексикада жаттығып жатқан Куба құрамасынан қашып шығып, АҚШ-қа өтіп кетеді. Осыдан кейін Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырады.