Екі жыл бұрын Канелодан жеңілген ресейлік боксшы күтпеген мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екі жыл бұрын Канелодан жеңілген ресейлік боксшы күтпеген мәлімдеме жасады ©Boxing Scene

39 жастағы ресейлік боксшы Сергей Ковалев отандасы Дмитрий Биволдың Сауль Канело Альваресті жеңгеніне қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

39 жастағы ресейлік боксшы Сергей Ковалев отандасы Дмитрий Биволдың Сауль Канело Альваресті жеңгеніне қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

2019 жылы ол мексикалық боксшыдан 11-раундта нокаутпен жеңіліп, кейін екі жылдан аса уақыт бойы рингке шықпаған. Ковалев егер қалыпты дайындық өткізуге мүмкіндігі болғанда, Бивол сияқты жеңіске жетеріне сенімді.

"Иә, әрине, Биволдың жекпе-жегін көрдім. Маған сенсеңіздер, егер Канело 2019 жылдың тамызында туған қаламда өткен жекпе-жегімнен кейін тағы бір ай демалыс берсе, нәтиже оның Биволмен жекпе-жегімен бірдей болар еді.

Маған демалыс керек болды. Мен Ярдқа қарсы жекпе-жектен кейін бес күн ғана демалдым, кейін уақыт белдеуін Ресейден Америкаға ауыстырып, жаттығу жиынын бастадым. Жекпе-жектер арасындағы тоғыз апта - ессіздік.

Бәрінің өз себебі болады. Болар іс болды. Қазір Дмитрий Биволды үлкен жеңісімен құттықтағым келеді. Оған болашақта сәттілік тілеймін. Егер Канело менімен жұдырықтасуға, реванш өткізуге келіссе, мен дайынмын", - деп келтірді Ковалевтің сөзін Boxing Scene.

Еске салайық, ресейлік боксшы ұзақ үзілістен кейін рингке оралып, бірінші ауыр салмақта жеңіске жеткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети