Бүгін бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектер өтуде. Күндізгі бөлімде үш боксшымыз бақ сынап, екеуі финалға шықты, - деп сүйінші сұрайды Tengrinews.kz.
Бүгін бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектер өтуде. Күндізгі бөлімде үш боксшымыз бақ сынап, екеуі финалға шықты, - деп сүйінші сұрайды Tengrinews.kz.
Софияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына бес боксшымыз шыққан. Солардың ішінде бірінші болып шаршы алаңға жалғыз аруымыз көтерілді. Өкінішке қарай, қыздар арасындағы 51 келі салмақта ел намысын қорғаған Алуа Балқыбекова армян қызы Ануш Григоряннан ұтылып қалды (0:3).
Одан кейін екі жігітіміз бақтарын сынап, екеуі де жеңіске жетті. 49 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Шалқар Айқынбай Үндістан үміті Шуан Какараны 2:1 есебімен ұтып, финалға шықты.
Ал 56 келідегі Сұлтан Зауырбек Ұлыбритания ұланы Петер Макграинды да төрешілердің екі айырылған шешімімен ұтып (2:1), ақтық сынға жолдама алды.
Сонымен үш боксшымыздың екеуі финалға шықты. Ал кешкі бөлімде тағы екі боксшымыз ел сенімін ақтауға тырысады. Атап айтқанда, 60 келіде Абылайхан Жүсіпов өзбек Икболжон Холдаровпен, ал 81 келіде Вадим Казаков Норвегия боксшысы Вегар Трегренмен қолғап түйістіреді.
Жас таланттарымызға жеңіс тілейміз.