Екеуіне де ұлы боксшылар ретінде қараймын - Вилли Монро

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екеуіне де ұлы боксшылар ретінде қараймын - Вилли Монро Геннадий Головкин мен Вилли Монро. © Hbo.com

Орта салмақтағы чемпион титулына бұрынғы үміткер америкалық Вилли Монро (21-2, 6 КО) WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-1, 34 КО) жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақтағы чемпион титулына бұрынғы үміткер америкалық Вилли Монро (21-2, 6 КО) WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-1, 34 КО) жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, 16 қыркүйекке белгіленген жекпе-жекте Вилли Монроның өзі де екінші рет әлем чемпионы титулы үшін таласады. Ол ұлыбританиялық Билли Джо Сондерспен (24-0, 12 КО) жекпе-жек өткізеді. 

"Өтірік айтпай-ақ, қояйын. Мен Головкин - Альварес жекпе-жегін асыға күтіп отырмын. Мен де боксшымын, сондай-ақ, мен де жанкүйермін. Екеуіне де ұлы боксшылар ретінде қараймын. Билли Джо Сондерспен жұдырықтасып болған соң, WBO титулымен Головкин - Альварес жекпе-жегін қараймын", - дейді америкалық боксшы.

Сонымен қатар, Вилли Монро бұл жекпе-жекті кімнің жеңіске жетуі мүмкін екенін айтып өтті.

"Әзірше кімнің жеңетінін айта алмаймын. Мен олардың біреуімен жекпе-жек өткізгім келді. Бірақ, меніңше, "Канело" Головкинді жеңе алады. Әригне, Головкиннің де жеңіске жеткенін қалаймын. Головкин жеңсе, реванш ала аламын. "Канеломен" өтетін жекпе-жектің маған көп ақша әкелетінін білемін, бірақ Головкинмен де жұдырықтасқым келеді", -деп келтіреді Монроның сөзін Boxingnews24.com. басылымы.

Еске сала кетейік, Монро Головкинмен 2015 жылдың мамырында кездесіп, 6-шы раундта техникалық нокаутпен жеңіліп қалған болатын.

Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегаста 20 мың адамдық T-Mobile аренасында өтеді. Бокс кешіне барлық билет сатылып қойды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 506.7  course down  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети