05 қыркүйек 2018 | 09:17

Экс-чемпион Головкин жайлы: "Оның күш-қуаты мол әрі батыл боксшы"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үш салмақ санатында әлемнің бұрынғы чемпионы Шейн Мозли Геннадий Головкиннің қарсыласы Сауль "Канело" Альварестен әлдеқайда жақсы екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілішсі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Үш салмақ санатында әлемнің бұрынғы чемпионы Шейн Мозли Геннадий Головкиннің қарсыласы Сауль "Канело" Альварестен әлдеқайда жақсы екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілішсі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

Мозлидің айтуынша, Лас-Вегаста 15 қыркүйектегі басты жекпе-жек Головкиннің бар күшін дәлелдейтін реванш болады. Мұндай шешімге ол Головкин мен Альварестің бірінші жекпе-жекте тең түскенінен кейін келіпті. 

"Головкин 11-ші және 12-ші раундтрдан кейін өзін көрсете бастады, ал өз кезегінде "Канело" болса қарсыласқысы келмеді. Сондықтан Головкинге тігемін. Ол күштірек және дене бітімі Альвареске қарағанда шымырлау. Головкин  қорықпайды, алаңға шыға сала жекпе-жекке дайын тұрғаны көрініп тұрады", - дейді Мозли Mayweather Boxing Channel берген сұхбатында. 

"Альваресте сөзсіз техника жағы жақсы, алайды Генадий Головкин оған қарағанда ірі. Дәл осы сәт салмағы 154 фунт Винки Райтпен алаңға шыққаным есіме түседі. Мен оны қанша ұрсам да, денесі былқ етпейтін. Менің ойымша "Канело" да осы жағдайға түсіп қалады. Оның төзімі жақсы, бірақ GGG оған ірілеу келеді", - дейді Мозли. 

Еске сала кетейік, Головкин мен Альварестің жекпе-жегі Лас-Вегастағы T-Mobile алаңында 15 қыркүйекте өтеді. Келер жекпе-жекте қазақстандық өзінің барлық белбеуін көнге тігетінін айтты. Сондай-ақ, боксшылар The Ring титулдық чемпионы атауы үшін жұдырықтасатын болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети