ЭКСПО кезінде Қанат Ислам Астанада жекпе-жек өткізуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЭКСПО кезінде Қанат Ислам Астанада жекпе-жек өткізуі мүмкін © massaget.kz

Келесі жылы "ЭКСПО" көрмесі кезінде қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Астанада кезекті жекпе-жектерінің бірін өткізуі мүмкін. Бұл туралы BAQ.kz тілшісіне ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Келесі жылы "ЭКСПО" көрмесі кезінде қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Астанада кезекті жекпе-жектерінің бірін өткізуі мүмкін. Бұл туралы BAQ.kz тілшісіне ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.

"Бүгін Қанатпен кездесуіміздің бір себебі осы. Барлығы жақсы болса, келесі жылы "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі қарсаңында Астанада қазақтың батыр ұлдарының бірі Қанат Исламның жекпе-жегін өткізу жоспарда бар. Біз негізі алдын-ала жар салмай-ақ қояйық деп едік. Сіз сұрағаннан кейін айтып жатырмын", – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Бұған дейін тағы бір қазақстандық боксшы, орта салмақта WBA, IBF, IBO және WBC чемпионы Геннадий Головкин келесі жылы Астанада жекпе-жек өткізу ниеті бар екенін айтқан болатын. Министрден бұл туралы да сұрап көрдік.

"Өткіземіз деп айту қиын. Бірақ келіссөз жүргізіп жатырмыз", - деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, Қанат Ислам өткен сенбіде Алматыда ганалық Патрик Аллотеймен кездесіп, жеңіске жеткен еді. Жерлесіміз "WBA Fedelatin" белбеуін қорғап, жартылай орта салмақтағы WBO Inter Continental титулын жеңіп алды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети