06 мамыр 2018 13:43

Елбасы Головкинді жеңісімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинді WBC, WBA (Super), IBO тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионы атағын қорғап қалуымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинді WBC, WBA (Super), IBO тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионы атағын қорғап қалуымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге Ванес Мартиросянмен жекпе-жекте жеңіске жетуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

"Тартысты өткен жекпе-жекте сен өзіңнің спорттық шеберлігіңді тағы да дәлелдеп, чемпиондық атағыңды сенімді түрде қорғадың. Барлық қазақстандық сенің спорттағы зор жетістіктеріңді мақтан тұтады. Сен өзіңнің талантың мен еңбексүйгіштігіңнің, қарапайымдылығың мен баршаға сүйкімділігіңнің арқасында бүкіл әлемдегі миллиондаған жанкүйердің жүрегін жаулап алдың. Осы қасиеттерің әрдайым бойыңнан табылып, жастарымыз үшін жарқын үлгі бола берсін", - делінген жеделхатта.

Еске салайық, 6 мамырда таңғы уақытта Карсон қаласындағы StubHub Center аренасында өткен кездесуде кездесуде Головкин қарсыласы Ванес Мартиросянды екінші раундта нокаутқа түсірген болатын. 36 жастағы қазақстандық боксшы осымен 38-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр, оның 34-і нокаутпен аяқталған. 32 жастағы Мартиросян болса карьерасында төртінші рет жеңілді. Қазақстандық WBA титулын 19-шы рет, IBO титулын 17 ал WBC титулын төртінші рет қорғап қалып отыр. Осылайша отандасымыз Бернард Хопкинстің әлем чемпионы титулын 20 мәрте қорғап қалған боксшы ретінде рекордты қайталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети