ПОДЕЛИТЬСЯ
01 желтоқсан 2020 | 11:33
Елеусінов жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады
Қазақстандық жартылай орта салмақтағы боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) Намибиядан келген Джулиус Индонгомен (23-3, 12 КО) болған жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық жартылай орта салмақтағы боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) Намибиядан келген Джулиус Индонгомен (23-3, 12 КО) болған жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Жеңіске жеткеніме қатты қуанып тұрмын. (...) Жоспарым оны бірінші раундта джебпен сезіну, содан кейін сол жақтан шабуылдар жасау үшін қолайлы сәттерді күту болды. Жақсы жұмыс жасадым деп ойлаймын, енді үлкен шайқастарды қалаймын. Бұл менің алғашқы титулдық жекпе-жегім болды. Қазір рейтингтердемін, енді әрі қарай не болатынын көреміз. Мен дайын боламын", - деді Елеусінов.
Елеусінов Индонгоны жеңген соң әлемдік рейтингіде жоғарылады
Еске салайық, 28 қарашада Голливудта (Флорида штаты, АҚШ) Дэниэл Джейкобс пен Габриэль Росадо арасында бокс кеші өткен. Кештің андеркартында Данияр Елеусінов бұрынғы әлем чемпионы намибиялық Джулиус Индонгоны екінші раундта нокаутқа түсіріп, жартылай орта салмақта IBF Intercontinental белбеуін иеленген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также