30 қараша 2020 10:40

Елеусінов Индонгоны жеңген соң әлемдік рейтингіде жоғарылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Matchroom Boxing© Фото: Matchroom Boxing©

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов титулдық жекпе-жекте жеңіске жеткеннен кейін BoxRec рейтингінде жоғарылады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов титулдық жекпе-жекте жеңіске жеткеннен кейін BoxRec рейтингінде жоғарылады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осы жетістіктің арқасында Елеусінов орта салмақ дәрежесінде 39-орыннан 26-орынға көтерілді.

Еске салайық, 28 қарашада Голливудта (Флорида штаты, АҚШ) Дэниэл Джейкобс пен Габриэль Росадо арасында бокс кеші өткен. Кештің андеркартында Данияр Елеусінов бұрынғы әлем чемпионы намибиялық Джулиус Индонгоны екінші раундта нокаутқа түсіріп, жартылай орта салмақта IBF Intercontinental белбеуін иеленген болатын.

Елеусінов өзінің соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың желтоқсанында өткізіп, америкалық Алан Санчесті бесінші раундында нокаутқа түсірген болатын (20-5-1, 10 КО). Ал Индонго кейінгі кездесуін 2019 жылдың тамызында өткізіп, екінші раундта америкалық боксшы Карлтавиус Джонсонды (4-2, 0 КО) нокаутқа түсірген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети