69 келі салмақта Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа ауысу ойынан айнып қалды, - деп жазады Vesti.kz порталы.
69 келі салмақта Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа ауысу ойынан айнып қалды, - деп жазады Vesti.kz порталы.
Еске салайық, жыл басында боксшы Майк Алматура басқаратын аутсралиялық MJA Entertainment промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасқан еді. Бірақ, оның айтуынша, компания өз сөзінде тұрмаған. Сондықтан боксшы промоутерлік компаниямен де, Майк Алматурмен келісімшартты бұзыпты.
"Мен де, Данияр Елеусінов те MJA Entertainment промоутерлік компаниясымен де, Майк Алматурамен де келісімшартты бұздық. Өйткені, олар келісімшарт бойынша берген уәделерін орындаған жоқ. Кәсіпқой бокстан түскен басқа ұсыныстарды әлі қарастырып жатқан жоқпын. Жуық арада карьерамды қалай жалғастыратыным туралы нақты шешім қабылдаймын", - дейді Дычко бұл мәселеге қатысты.
Айта кетейік, қаңтар айында белгілі болғандай, Данияр Елеусінов пен Иван Дичко ақпан айында АҚШ-та жаттығу жұмыстарына кірісіп, мамыр айында Қытайда бірінші жекпе-жектерін өткізуі керек еді. Ал шығынды толық промоутерлік компания өз мойынан алуы керек болған. Бірақ екі боксшы да әлі күнге дейін жаттығуға кіріскен жоқ. Ол туралы ресейлік боксшы Сергей Ковалевтің бұрынғы бапкері Дерек Сантос-Россарио айтты.