Елеусінов маңдайындағы тыртығын Олимпиададағы жеңісінен естелік болып қалатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елеусінов маңдайындағы тыртығын Олимпиададағы жеңісінен естелік болып қалатынын айтты Данияр Елеусінов © REUTERS

Риодағы Олимпиада ойындарының алтын медалін жеңіп алған боксшы Данияр Елеусінов француз боксшысы Сулейман Сиссокомен болған жекпе-жекте алған жарақатын Риода өткен Олимпиададағы жеңістен естелік екенін айтты. Бұл туралы ол AFP басылымына берген сұхбаттында айтты. "Қазір жараға пластырь жабыстырып қойдым, бірақ жараның ізі қалып қоятын сияқты. Ол маған Олимпиададағы жеңісімді еске түсіретін болады", - деді Елеусінов.

Еске салайық, 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жекте Елеусінов өзбек боксшысы Шахрам Гиясовпен кездесті. Бірінші раундта өзбекстандық белсенді болған, алайда үш төреші де қазақ боксшысы жеңді деп есептеді. Ал екінші раунд Елеусіновтің дөп тиген соққыларымен есте қалды. Қорытынды раундта өзбек босшысы жағдайды оңалтуды ойлап, бар күшімен алға ұмтылған, бірақ Елеусінов оған бетпе-бет келіп, тойтарыс берді. Қазылар алқасының шешімі бойынша қазақ боксшысы 3:0 (29-28, 29-28, 29-28) есебімен жеңіске жетті. Осылайша, ол Қазақстан бокс құрамасының алғашқы, ал Қазақстанның үшінші алтын медалін жеңіп алды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course up  603.27  course up  6.41  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети