14 наурыз 2016 10:29

Елеусінов пен Левит GeeBee турнирінде топ жарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vesti.kz © vesti.kz

Қазақстандық боксшылар Данияр Елеусінов пен Василий Левит Финляндияда мәресіне жеткен GeeBee халықаралық турнирінде топ жарды, - деп хабарлайды Massaget.kz.


Қазақстандық боксшылар Данияр Елеусінов пен Василий Левит Финляндияда мәресіне жеткен GeeBee халықаралық турнирінде топ жарды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

35-ші рет ұйымдастырылған додаға Қазақстан атынан төрт боксшы қатысты. 69 келіде ұлттық құрама капитаны Данияр Елеусінов швед Оливер Флодин мен француз Сулейман Чисоконы жеңді. Финалда литвалық Эймантас Станионисті 2:1 есебімен ұтып, алтын медальды жеңіп алды.

90 келіге дейінгі салмақта Василий Левит те екі боксшыны жеңіп, финалға шықты. Алайда финалға шығу тиіс ирландиялық Даррен О’Нейл жарақатына байланысты кездесуден бас тартты. Нәтижесінде отандасымыз жеңімпаз ретінде танылды.

Биылғы GeeBee халықаралық турнирінде Біржан Жақыпов пен Берік Әбдірахманов сәтті өнер көрсете алмады. Қос боксшы да ширек финалда жеңілді. Айта кетейік, осыған дейін екеуі де Олимпиада жолдамасын жеңіп алған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети