Елеусіновтің африкалық "Көк машинамен" жекпе-жегінің уақыты мен орны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елеусіновтің африкалық "Көк машинамен" жекпе-жегінің уақыты мен орны айтылды

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің (9-0, 5 КО) бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы намибиялық Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) жекпе-жегі көрерменсіз өтуі мүмкін. Боксшының менедежір Зия Алиев Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында бокс кеші бойынша жағдайды баяндап берді.

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық карьерасында үшінші рет он раундтық жекпе-жекке шығады, бұл кездесуде ол алғаш рет титул үшін жұдырықтасады. 

"Флорида штатында спорт шараларын өткізуге рұқсат берді - UFC турнирлері де осында өтіп жатыр, Джексонвиллде. Шамамен шілде-тамыз басында өткізетін шығармыз. Эдди Хирнмен сөйлескенімде ол да шілде-тамыз деді. Бірақ жағдай күнде құбылып тұр, жақсы жағына қарай. 

Ол уақытқа дейін басқа штаттарда да рұқсат беріп қалатын шығар. Ал әзірге тек талқылап жатыр. Бокс кешін өткізу жоспары мұқият құрылады, егер бұл жекпе-жек шілдеде көрерменсіз өтсе, обал әрине. Екінші жағынан телевидениеден көбірек адам тамашалайды. Осы жұбатады. Адамдардың көбі үйінде отыр - ешкім ешқайда шыға алмайды", - дейді Алиев. 

Еске салайық, Елеусінов - Индонго жекпе-жегі 17 сәуірде өтуі керек болған, алайда, пандемияға байланысты кездесу кейінге қалды. 

Айта кетейік, 37 жастағы Индонго "Көк машина" лақап аттымен танылып, IBF,  IBO және  WBA (Super) чемпионы болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети