"Еліміз өзіңмен мақтанады!". Тоқаев Головкинді жеңісімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Еліміз өзіңмен мақтанады!". Тоқаев Головкинді жеңісімен құттықтады Фото: DAZN Boxing

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Геннадий Головкинді сенімді жеңісімен құттықтаймын! Біздің боксшымыз орта салмақта IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғады. Гена өзінің жоғары шеберлігі мен жеңіске деген мықты ерік-жігерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Еліміз өзіңмен мақтанады!", - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де. 

Головкиннің Шереметаға қарсы жекпе-жегі 19 желтоқсанда таңертең АҚШ-та өтіп, жетінші раундтан кейін аяқталды. Шеремета кездесуді жалғастырудан бас тартты. Қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңді. Бұл ретте GGG төрт рет нокдаун жасағанын айтқан жөн. 

Осылайша, Головкин 21-ші рет титулын сәтті қорғап, аты аңызға айналған Бернард Хопкинстің рекордын жаңартты. Шеремета үшін бұл алғашқы жеңіліс. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.17  course down  604.08  course up  6.62  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети