12 қазан 2019 | 16:20

"Ең қолайлы уақыт осы". Франциялық боксшы Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Icon Sport Сурет: Icon Sport

24 жастағы франциялық боксшы Кристиан М' Билли жақын уақытта қазақстандық Геннадий Головкинді қарсыласы ретінде көргісі келетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz


Иконка комментария блок соц сети

24 жастағы франциялық боксшы Кристиан М' Билли жақын уақытта қазақстандық Геннадий Головкинді қарсыласы ретінде көргісі келетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Бұл менің бапкеріме бірнеше күн бұрын айтқан сөзім. Бізде Головкинге қол жеткізу үшін бір немесе екі жыл бар. Ол карьерасын аяқтауына аз қалды және әлсіздік белгілерін көрсете бастады, бұл оның соңғы екі жұдырықтасуында байқалды, сондықтан біз барып, оған қол жетізуіміз керек, ең қолайлы уақыт осы", - деп жазған Rmcsport.bfmtv.com М' Билли сөзін келтіріп.

Бір қызығы, GGG-дан басқа М' Билли Сауль "Канело" Альварес, Дэниэл Джейкобс, Давид Лемье, Билли Джо Сондерс сияқты боксшылармен жекпе-жек өткізу нұсқаларын қарастырып жүр. 

М' Билли - Камеруннан шыққан француз, орташа салмақта бокстасады. 2012-2016 жылдары Франция құрамасының құрамында өнер көрсеткен, Рио-де-Жанейродағы жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, Еуропалық Одақ чемпионы, жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионы, ұлттық дәрежедегі турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері. 2017 жылдан бастап кәсіби деңгейде өнер көрсетіп, 14 жекпе-жектің барлығында жеңіске жеткен, оның 13-і мерзімінен бұрын аяқталған. Көбіне Канада мен Франция аумағында жұдырықтасады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети