Фируза Шәріпова көктемде әлем чемпионы титулына таласады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фируза Шәріпова көктемде әлем чемпионы титулына таласады

Қазақстандық Фируза Шәріпова биыл көктемде бокстан әлем чемпионы титулына таласады, - деп хабарлайды AllFight.Ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Фируза Шәріпова биыл көктемде бокстан әлем чемпионы титулына таласады, - деп хабарлайды AllFight.Ru.

Фирузаның айтуынша, жекпе-жек дайындық Мәскеуде өтеді. Алайда кездесудің қай күні болатынын және қарсыласының кім екенін нақтыламады.

"21 қаңтарда Мәскеуге барып, әлем чемпионы титулын жеңіп алу үшін дайындықты бастаймын. Жекпе-жек 2017 жылдың көктеміне жоспарланған. Арманыма жетуге - Қазақстан атынан алғаш әлем чемпионы атану туралы арманыма жетуге сәл-ақ қалды. Рингте қандай қарсылас болса да, мен өзімнің күшіме сенемін және жеңуге дайынмын. Осы уақытқа дейін үйде Таразда жаттығып жүрдім. Сондықтан мен қазір мансабымдағы маңызды бастауларымның біріне дейін аралық жекпе-жек өткізуге дайынмын", - деді Шәріпова.

Айта кетейік, Фируза Шәріпова кәсіпқой рингте үш кездесу өткізген. Соңғы жекпе-жегі 24 қыркүйекте Алматыда өткен болатын. Онда ол серб қарсыласы Милена Матовичті техникалық нокаутпен жеңді. Сондай-ақ, Шәріпованың менеджері Сергей Завилейский Фирузаның мақсаты әлем чемпионы атану екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын

Сондай-ақ, жақында Vesti.kz оқырмандары 2016 жылдың қорытындысы бойынша боксшы Фируза Шәріпованы Қазақстанның ең тартымды спортшысы деп атаған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети