Фируза Шәріпованың 26 тамыздағы жекпе-жегіне екі бірдей чемпиондық атақ тігіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фируза Шәріпованың 26 тамыздағы жекпе-жегіне екі бірдей чемпиондық атақ тігіледі © yenicag.ru

Қазақстандық боксшы қыз Фируза Шәріпованың 26 тамызда Астанада өтетін жекпе-жегіне қандай чемпиондық атақтар тігілетіні белгілі болды, - деп хабарлайды AllFight.Ru спортшы қыздың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы қыз Фируза Шәріпованың 26 тамызда Астанада өтетін жекпе-жегіне қандай чемпиондық атақтар тігілетіні белгілі болды, - деп хабарлайды AllFight.Ru спортшы қыздың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жекпе-жекте Шәріпова Халықаралық әйелдер боксының қауымдастығы (WIBA) және Бүкіләлемдік бокс одағының (WBU) жеңіл салмақтағы чемпиондығы үшін жұдырықтасады.

WIBA ұйымы 200 жылы пайда болып, аз уақытта беделі артты. Лейла Али және Наталья Рагозина сияқты даңқты боксшылар осы ұйымның чемпионы болған. Ал ұйымның ерлерге арналған атақтарын Рой Джонс, Оскар Де Ла Хойя, Владимир Кличко, Джордж Форман, Шейн Мозли және Артуро Гатти сияқты бокс аңыздары иеленген. Бұл ұйымның белбеуін қазақстандық Бейбіт Шүменов те ұзақ таққан еді. Шүменов чемпиондық атағын бірнеше рет сәтті қорғаған болатын, дегенмен оны Бернард Хопинс тартып алған.

WBU - германиялық бокс қауымдастығының негізін 1995 жылы IBF өкілі Джон Робинсон құрған. Бұл ұйымды әлемдік промоутерлер мойындады. Владимир Кличконы нокаутқа түсірген Корри Сандерс осы ұйымның чемпионы болған.

Еске салайық, Фируза Шәріпова 26 тамыздағы жекпе-жегін EXPO-2017 аясында өткізеді. Бұл жолы ол өте тәжірибелі болгариялық Милена Колева.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети