© twitter.com
Қазақстандық Фируза Шарипова кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық Фируза Шарипова кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
22 жастағы Шарипова Мәскеуде Shamo Boxing Promotions ұйымдастырған "Дерись и побеждай" бокс кешіне қатысты. Оның қарсыласы ресейлік Бианка Пряшка болды.
Жекпе-жек алты раундқа созылуы тиіс болған, алайда кездесу бірінші раундта аяқталды. Шарипованың қарсыласы үш минуттық бірінші раундтан кейін шаршы алаңға шығудан бас тартты.
Осылайша, Шарипова алтыншы жеңісіне қол жеткізді, оның төртеуінде қазақстандық боксшы кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.