Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шәріпова жеңіл салмақта IBA чемпиондық атағын қорғап қалды, деп хабарлады Vesti.kz.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шәріпова жеңіл салмақта IBA чемпиондық атағын қорғап қалды, деп хабарлады Vesti.kz.
Отандасымыз Санкт-Петербургте өткен бокс кешінде ресейлік боксшы қыз Юлия Куценконы жеңді.
Фируза Шәріпова мен Юлия Куценко Club A2 аренасында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасты. 10 раундқа жоспарланған кездесу соңына дейін жалғасып, жеңімпаз төрешілер шешімі бойынша анықталды. Шаршы алаңдағы шайқаста басымдығын байқатқан Фируза жеңіске жетті.
24 жастағы қазақстандық боксшы қыз кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді. Оның төртеуінде уақытынан бұрын қарсыласын жеңіп шыққан. Бір жекпе-жегінде жеңілген. Ал Юлия Куценко болса мансабында алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татты.
Фируза Шәріпова IBA чемпиондық атағынан өзге екінші жеңілірек салмақта IBO және WBC Silver белбеулеріне ие. Санкт-Петербургтегі жекпе-жекке WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына ие фин боксшы қызы Ева Вальстрем де арнайы келген. Фируза оның алдағы міндетті қарсыласы. Бокс кешінің соңынан екі боксшы көз арбасты.
Қазақстандық боксшы қыз жанкүйерлеріне алғыс айтып, абсолютті чемпион атану үшін күш салатынын жеткізді.