Қазақстаннан шыққан кәсіпқой бокстағы бірінші қыз Фируза Шәріпова ресейлік қарсыласы Виктория Котованы нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстаннан шыққан кәсіпқой бокстағы бірінші қыз Фируза Шәріпова ресейлік қарсыласы Виктория Котованы нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Мәскеуде өткен рейтингтік кездесу бірінші раундтың 54-ші секундында аяқталды. Шәріпова қарсыласын ногдаунға жібергеннен кейін, рефери жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша қазақстандық боксшы қыз өзінің спорт мансабындағы ең қысқа уақыттағы жеңіске жетті.
Шәріпова осылайша төртінші рет жеңіске жетті, оның екеуінде нокаутпен аяқталды. Сонымен қатар, оның бір жеңілісі бар. Ол Олимпиада-2012 ойындарының күміс жүлдегері ресейлік Софья Очигавадан жеңілген болатын.
Осы кездесуге дейін Шәріпова әлемдік рейтингте BoxRec порталының нұсқасы бойынша 29-шы орында болатын.