IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Фируза Шәріпова РФ Мемлекеттік Думасының депутаты Равиль Хуснулинді сотқа береді. Бұл туралы боксшы өзінің Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Спорткраса-2019" халықаралық сұлулық және спорт фестивалін ұйымдастырушы комитеттің төрағасы, РФ Думасының депутаты Равиль Хуснулинді сотқа берейін деп жатырмыз. Қазір адвокатпен кеңесу үстіндеміз, алдағы уақытта толығырақ хабарлаймыз. Фестиваль продюсерлері Инга Першина мен Александр Александровқа алғыс айтамын. Бірақ Равиль Хуснулиннің әрекеті бізді қорлады!", - деді ол.
Шәріпова депутатты не үшін сотқа беретінін айтқан жоқ.
Фергана.news ақпаратына сүйенсек, оған 2 сәуірде "Спорткраса-2019" халықаралық сұлулық және спорт фестивалінің алғашқы күнінде болған оқиға себеп болуы ықтимал. Фестивальдің ұйымдастырушы комитеті толығымен ресейлік Дума депутаттарынан құралған.
Равиль Хуснулин РФ Мемлекеттік Думасының депутаты болып 2016 жылы қазаннан бері қызмет етіп келеді.
Уалихан Қосанбай