Флойд Мейвезер Головкинді өткір сынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Флойд Мейвезер Головкинді өткір сынады © Ethan Miller/Getty Images

Әлем боксшыларының рейтингіндегі бұрынғы көшбасшы (P4P, Pound for Pound) америкалық Флойд Мейвезер бір категорияда жұдырықтасса қазақстандық Геннадий Головкинді оңай жеңіп кететінін айтты, - деп хабарлайды "Чемпионат.com".  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлем боксшыларының рейтингіндегі бұрынғы көшбасшы (P4P, Pound for Pound) америкалық Флойд Мейвезер бір категорияда жұдырықтасса қазақстандық Геннадий Головкинді оңай жеңіп кететінін айтты, - деп хабарлайды "Чемпионат.com".  

"Құрметсіздік танытқаным емес, бірақ Головкин - бір сарынды боксшы, ешқандай да эффект жоқ. Мен үшін ол оңай шағылар жаңғақ болар еді", - деп мәлімдеді Мейвезер. Басылымның мәліметінше, Мейвезер мансап жолын аяқтағанын мәлімдеді, ал Головкин оған бірінші орта салмақта жұдырықтасуды ұсынған. Бұл салмақ дәрежесінде америкалық әлем чемпионы болған. 

Ал Bleacher Report басылымына берген сұхбатында америкалық боксшы Головкинді Мэнни Пакьяомен салыстырды. "Мен 147 фунт лимитіне бара алмаймын, мүмкін 160 фунтта шайқасу керек шығар? Головкинді құрметтеймін, алайда ол Пакьяо емес - Мэннимен кездесу 2 раундқа созыла ма, жоқ барлық он раундқа дейін созыла ма - ол жағын болжау қиын, ал Геннадиймен бәрі түсінікті", - дейді Мейвезер.

Айта кетейік, осыған дейін WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы GGG Мейвезердің ақылды боксшы екенін, бірақ көрерменнің "биг драма шоу" көргісі келетінін мәлімдеген болатын. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети