Бірнеше салмақта бұрынғы әлем чемпионы Флойд Мейвезер аралас жекпе-жек (MMA) спортынан қашан сынға түсетінін айтты, - деп хабарлайды Fightnews.info.
Бірнеше салмақта бұрынғы әлем чемпионы Флойд Мейвезер аралас жекпе-жек (MMA) спортынан қашан сынға түсетінін айтты, - деп хабарлайды Fightnews.info.
Америкалық боксшы Флойд Мейвезер UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегормен бокс кешін өткізгеннен кейін, аралас жекпе-жектен де бағын сынап көруді ұйғарған болатын. Тіпті, жаттығуда да білек сыбана кірескенін айтты.
Ол өз сөзінде: "Біз жаттығуды бастап кеттік. Физикалық тұрғыдан емес, жай ғана қарапайым шыдамдылықты арттыратын жаттығуларды бастадым. Аралас жекпе-жекте өнер көрсету туралы ойлап жүрмін, жалпы мұндай ой бұрында да болған. Қазір Майамиде күрес, джиу-джитсу сынды спорттың әдістерін меңгеріп жүрмін. Осы жылдың соңына дейін жекпе-жек өткізгім келеді".
Айта кетейік, Флойд Мейвезер 27 тамыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өткен жекпе-жекте 10 раундта жеңіл салмақта UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегорды техникалық нокаутпен жеңген болатын.