10 тамыз 2015 | 08:47

Флойд Мейвезер: Головкиннің жекпе-жегін көрдім, асып бара жатқан ештеңесі жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық боксшы Флойд Мейвезер WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин туралы өз пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz "ВКонтакте" желісіндегі GGG тобына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Америкалық боксшы Флойд Мейвезер WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин туралы өз пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz "ВКонтакте" желісіндегі GGG тобына сілтеме жасап.

"Шынымды айтсам, Головкиннің кім екенін білмеймін...", - деді Мейвезер күзде болатын PPV трансляциясы туралы сұраққа жауап бере отырып. "GGG. А, иә, бірақ мен 160 фунтқа көтерілмеймін. Мен оның жекпе-жегін көрдім. Асып бара жатқан ештеңесі жоқ. Дегенмен мен оған бар жақсылықты тілеймін және мансабында жеткен жетістіктерімен құттықтаймын".

Геннадий Головкиннің есімі Флойд Мейвезер мансабындағы соңғы қарсыластарының қатарында бірнеше рет аталған. Қазақстандық боксшы бұл кездесудің арманы екенін айтты.

38 жастағы Флойд Мейвезер қазіргі заманғы боксшылардың ішіндегі ең үздігі. Ол 48 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Мамыр айының басында америкалық боксшы филипин Мэнни Пакьяоны жеңді. Осыдан кейін Мейвезер соңғы кездесуін қыркүйекте өткізетінін айтты. Оның соңғы қарсыласы - Андре Берто.

33 жастағы Геннадий Головкин кәсіби бокста 33 жекпе-жек өткізді. Ол барлығында жеңіске жетті. Оның келесі кездесуі 17 қазанда Нью-Йоркте өтеді. Ол канадалық Давид Лемьемен кездеседі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети