22 мамыр 2022 16:25

Флойд Мейвезер қарсыласын бірнеше рет нокдаунға жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©Reuters Фото: ©Reuters

Америкалық боксшы Флойд Мейвезер өзінің отандасы Джон Мурмен Абу-Дабиде жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz


Америкалық боксшы Флойд Мейвезер өзінің отандасы Джон Мурмен Абу-Дабиде жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz

Жекпе-жек сегіз раундқа дейін созылды. Мейвезер қарсыласынан айқын басым болып, Джон Мурды бірнеше рет нокдаунға жіберді. Ұйымдастырушылар жеңімпазды анықтамай, кездесудің ұпай санын есептемеді.

Бұл кездесу 14 мамыр күні өтуі керек еді, бірақ жекпе-жек БАӘ президенті Халифа бен Зайд Әл Нахаянның қайтыс болуына байланысты кейінге шегерілді. 

Еске салайық, Мейвезер карьерасын 5 жыл бұрын аяқтап, бокстан кеткен. Ол қазіргі уақытта осындай шоуларда ғана өнер көрсетеді. Соңғы рет ол шоу айқасты 2017 жылы Конор МакГрегорға қарсы өткізіп, жеңіске жетті. Америкалық боксшы өз карьерасында 50 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Ал Мур болса соңғы кездесуін 2016 жылы өткізген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети