1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Фредди Роуч кіші Чавесті "Канеломен" өтетін жекпе-жекке дайындаудан бас тартты28 қаңтар 2017, 15:54

Америкалық белгілі бапкер Фредди Роуч Хулио Сезар Чавес кішіні Сауль Альвареспен АҚШ-та 6 мамырда өтетін жекпе-жекке дайындаудан бас тартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мәселе менің бос уақытымның болмауында. Қолым бос емес. Чавестің командасы маған ұсыныс жасады. Олар менен жекпе-жекке екі апта қалғанда жаттықтыруымды сұрады. Бірақ, меніңше, екі апта жеткіліксіз болады", -деді бапкер.

Бапкер Фредди Роучтің айтуынша, Альварес күннен күнге күш жинап жатыр. "Чавестің басты артықшылығы оның күш-қуатында. Ол үнемі қыспаққа алу керек. Себебі, Чавес Альвареске ұруға жол берсе, ол "Канелоға" керісінше күш береді", - деп келтіреді BoxingScenе басылымы бапкердің сөзін.

Еске сала кетейік, Альварес - Чавес жекпе-жегі 6 мамырда өтеді.