22 ақпан 2018 | 10:37

Генаны алмастыратын қазақстандық боксшы көріп тұрғаным жоқ - Головкиннің экс-бапкері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Ғалым Кенжебаев Vesti.kz порталына берген сұхбатында ешқандай отандық боксшы оның орнын әлемдік аренада алмастыра алмайтынын айтты. Айта кетейік, әйгілі бапкер қазіргі уақытта Қазақстан жастар құрамасын жаттықтырады. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Ғалым Кенжебаев Vesti.kz порталына берген сұхбатында ешқандай отандық боксшы оның орнын әлемдік аренада алмастыра алмайтынын айтты. Айта кетейік, әйгілі бапкер қазіргі уақытта Қазақстан жастар құрамасын жаттықтырады. 

"Менің ойымша, ол әлі үш-бес жыл жоғарғы деңгейде өнер көрсетеді. Қазіргі уақытта аз еңбектеніп, зейнетке шығуға жақын қалған боксшымен жекпе-жекке шығып, атақ-даңқ жинағысы келетін боксшылар қаптап жүр. Мэнни Пакьяо, Бернард Хопкинс және Рой Джонспен жекпе-жек өткізу барлығына тиімді. Ал біздің Генамен шаршы алаңға шығуға сескенетіндер әлі де көп, себебі оның деңгейі мен дайындығы бізді талай қуантары сөзсіз", - дейді бокс маманы.

Бапкердің айтуынша, қазіргі уақытта Геннадийді әлемдік аренада алмастыратын отандық боксшы жоқ екен. "Әрине, бұл жерде біздің боксшылардың шамына тиіп кетпеу керек, бірақ оны дәл қазір ешкім алмастыра алмайды. Түсінесіз бе Головкин мен Сәпиев - тума дарын, ондайлар тым аз, олардың деңгейі қазіргі жас буынға қарағанда әлде қайда жоғары. Головкин кәсіпқой боксқа есейген жасында кетті, оған дейін ол талай жарыстарды көрді, оның шінде Олимпиада ойындары да бар. Әуесқойда жүріп-ақ мамандар оның кәсіпқой бокста чемпион болатынын көре білді. Мұндай жарқын боксшылар өте аз. Қазір айтылып жүргендердің арасынан Мейірім Нұрсұлтанов пен Қанат Исламды айтуға болады. Мейірім жас боксшы және ол туралы айту әлі ерте. Алайда оның потенциалы бар, елемеуге болмайды. Қанат болса ұзақ жылдар бойы өз жолын таба алмай жүрді. Промоутер ауыстыруы оған жақсы сеп болады дегенге сенемін. Ол қазіргі көрсетіп жүрген деңгейінен әлдеқайда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізетінен сенемін. Биік белестерден көрінуі тиіс", - дейді ол. 

Головкин мен "Канело" арасындағы бірінші кездесу 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, төрешілердің шешімімен тең аяқталып еді. Енді екі боксшы екінші рет 5 мамырда қайта кездеседі. Бірақ жекпе-жектің қайта өтетіні белгісіз. Сондай-ақ екінші кездесудің келісімшартында реванш туралы қарастырылмаған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети