Геннадий Головкин: Маған PPV жекпе-жегі керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин: Маған PPV жекпе-жегі керек Геннадий Головкин. © yvision.kz

WBA (Super), IBO тұжырымдарының чемпионы және WBC белбеуінің уақытша иегері, 32 жастағы қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин PPV жекпе-жектерін (ақылы трансляция) өткізгісі келетіні туралы айтты, - жеп хабарлайды Vesti.kz "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі GGG тобына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

WBA (Super), IBO тұжырымдарының чемпионы және WBC белбеуінің уақытша иегері, 32 жастағы қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин PPV жекпе-жектерін (ақылы трансляция) өткізгісі келетіні туралы айтты, - жеп хабарлайды Vesti.kz "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі GGG тобына сілтеме жасап.

"Мен өзімнің промоутерім Том Леффлермен сөйлестім, Маған PPV жекпе-жектері керек. Менің ойымша дәл қазір жанкүйерлерге үлкен шоу ұйымдастыратын уақыттың сәті түсті. Маған PPV жекпе-жегі керек және мен ол кездесуді қалаймын", - дейді боксшы. Сондай-ақ Геннадий Головкин өзінің Марк Антонио Рубиоға қарсы өткізген жекпе-жегі туралы да пікір білдірді. "Бұл оңай емес. Мен оңтайлы сәтті таңдап, тура соққы бағыттадым. Бұл - күн сайын жаттығу залында төккен терімнің жемісі. Сондықтан да жеңіс оңай келген секілді. Мен Марк Антонионы құрметтеймін. Ол ұлы жауынгер. Мүмкін, өзге деңгейдегі шығар", - дейді Головкин. Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыздар. 

Еске салайық, 18 қазан күні Американың Карсон қаласында Геннадий Головкин мексикалық Марк Антонио Рубиоға қарсы шыққан еді. Бұл жекпе-жекте 32 жастағы қазақстандық былғары қолғап шебері 34 жастағы Рубионы кездесудің екінші раундында нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті. Осылайша Головкин кәсіпқой бокс шаршы алаңындағы жеңістер санын 31-ге жеткізіп, P4P рейтингінде жоғары көтерілді. Өзінің 31-жекпе-жегі үшін Головкин спорттық мансабындағы ең көп сыйақы - 900 мың доллар алды.

 

 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети