Геннадий Головкин Майкл Джорданның брендімен келісімшарт жасасты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин Майкл Джорданның брендімен келісімшарт жасасты © Tengrinews.kz мұрағатынан алынды

Геннадий Головкин Jordan Brand спорт атрибутикасының өндірушілерімен келісімшарт жасасты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, Jordan Brand - Nike компаниясының әйгілі баскетболшы Майкл Джорданға арнап жасаған бренді.

Осылайша, Головкин Андре Уорд пен Рой Джонстан кейінгі Jordan Brand брендін ресми таныстыратын үшінші боксшы атанды. "Біз Головкинді Jordan Brand отбасына қуана қабылдаймыз. Геннадийдің кәсіби әдебі, іске шеберлігі мен мәнері оны ерекшелейді", - деді Jordan Brand президенті Ларри Миллер.

Ал Головкин келісімшарт жөнінде былай деді: "Jordan Brand-тің бір бөлігі болғаным үшін қуаныштымын".

Айта кетейік, Головкин келесі жекпе-жегін 23 сәуірде өткізеді. Оның бұл жолғы қарсыласы америкалық Доминик Уэйд болмақ. Кездесуді Астана уақыты бойынша 24 сәуір күні таңертең 7.40-та "Қазақстан" арнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети