Геннадий Головкин жарнама келісімшарттарынан қанша табыс табады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин жарнама келісімшарттарынан қанша табыс табады? © theguardian.com

Орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жарнама келісімшарттардан қанша табыс табатыны белігілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жарнама келісімшарттардан қанша табыс табатыны белігілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жалпы жарнама келісімшарттары Головкинге жылына 550 мың доллар кіріс кіргізеді. Ал мексикалық Сауль "Канело" Альварес болса жарнамалық келісімшарттардан отандасымыздан 150 мың долларға кем, яғни жылына 400 мың доллар табады. Головкин әлемнің ең танымал спортшыларының тізімінде Пакьяо мен Кличкодан озып кетті.

Жарнамадан ең көп табыс табатын спорты америкалық "Кливленд Кавальерс" клубының баскетболшысы Леброн Джеймс. Оның жылдық табысы - 55 миллион доллар. Екінші орында америкалық гольфшы Фил Микельсон жайғасқан. Оның пайдасы 50 миллион доллар. Үшінші сатыда 45 миллион доллар табатын гольфшы айгер Вудс жайғасса, төртінші орында мадридтік "Реалдың" португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду мен атақты теннисші Роджер Федерер бөлісіп тұр. Олардың жарнамадан түсіретін табысы 40 миллион доллар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети