Геннадий Головкинге жаңа қарсылас тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкинге жаңа қарсылас тағайындалды Геннадий Головкин © REUTERS

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық Геннадий Головкинге жаңа қарсыласты тағайындады, - деп хабарлайды vRINGe.com.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық Геннадий Головкинге жаңа қарсыласты тағайындады, - деп хабарлайды vRINGe.com.

23 сәуірде WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы осы күнге дейін аты аталмай келген қарсыласпен кездесу өткізеді. Енді IBF жаңа ресми үміткерді атып отыр. Ол - 25 жастағы америкалық Доминик Уэйд (18-0, 12 КО). Қазіргі уақытта K2 Promotions компаниясы оның командасымен көктемде жекпе-жек өткізуге келіссөздер жүргізіп жатыр.

Осыған дейін Головкиннің IBF тұжырымы бойынша чемпиондығына Туреано Джонсон таласады делінген еді. Алайда алған жарақатынан ол жекпе-жектен бас тартты.

Айта кетейік, Головкиннің жаңа қарсыласы Уэйд өткен жылдың маусым айынан бері жұдырықтаспаған. Сол кезде ол 41 жастағы Сэм Солиманды төрешілердің даулы шешімімен жеңген еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети