Геннадий Головкиннің келесі супер-сайысын Астанада өткізуді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкиннің келесі супер-сайысын Астанада өткізуді ұсынды Геннадий Головкин ©REUTERS

Бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибрайымов орта салмақта WBA (Super) және IBO, сондай-ақ WBC Interim дәрежесі бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин өз қарсыластарының ішінде теңдесіз екенін айтып, оның қатысуымен супер-сайыс өткізуді ұсынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибрайымов орта салмақта WBA (Super) және IBO, сондай-ақ WBC Interim дәрежесі бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин өз қарсыластарының ішінде теңдесіз екенін айтып, оның қатысуымен супер-сайыс өткізуді ұсынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ибрайымовтың айтуынша, жекпе-жекті Лас-Вегаста, тіпті Астана қаласында да өткізуге болады. Ол Головкинді әлемнің ең күшті боксшысы санайды, оның жойқын соққыларына қарсыластары 5 раундқа шыдас бермейді (...) деген пікірде. "Менің ойымша, Головкин осы қарқыннан таймақ емес, ол болашақ қарсыластарын да осылай жеңеді. Ол барлық нұсқа бойынша, чемпион болғысы келеді, бұл арманына сөзсіз жетеді", - дейді боксшы.   

Ибрайымов әлем чемпионының промоутерлері орта салмақтың мықтылары кіші Хулио Сезар Чавесты, Мигеле Коттоны немесе Саул "Канело" Альваресті шақыру керектігін айтқан, өйткені олар бұл кездесуден бас тарта алмайды-мыс. "Мұндай сайысты Лас-Вегаста ұйымдастыруға болады. Тіпті, супер-сайысты Астана қаласында өткізейік. Өйткені, біздің елде жанкүйерлер жетерлік, бокссүйер жандар да көп, олар Геннадий Головкинге ыстық ықыласын білдіріп, жанкүйер бола алады. Мен өз еліме көмектесуге дайынмын. Бұл көрермендер үшін керемет болар еді", - дейді бастамашы. Толығымен мына жерден оқыңыз...

Бұған дейін Геннадий Головкинді әлемнің теңдессіз жеңілмейтін боксшысы деп жазған болатынбыз. Ол әйгілі америкалық Bleacher Report спорт порталы жүргізген рейтингте топ жарып, 5 орын алған алған еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети