Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 324.98
EUR / KZT - 378.34
CNY / KZT - 48.01
RUB / KZT - 5.53

Геннадий Головкин 30-кездесуін 26 сәуірде өткізеді

21 Қаңтар 2014, 11:12
0
Геннадий Головкин. Сурет vk.com/ggolovkin сайтынан
Геннадий Головкин. Сурет vk.com/ggolovkin сайтынан
Кәсіпқой бокстағы қазақстандық боксшы өзінің 30-жекпе-жегін 26 сәуірде өткізеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Дегенмен, жерлесіміздің қарсыласы әлі анықталған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 28 айқасының 25-ін нокаутпен аяқтаған WBA және IBO тұжырымдары орта салмақ дәрежесінің чемпионы өзінің 29 жекпе-жегін 1 ақпанда Монте-Карлода ганалық Осуману Адамаға қарсы өткізеді.

Ал 30-шы айқасын 26 сәуірде Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өткізуі әбден мүмкін. Өйткені, қазақстандық боксшының шашбауын көтеріп жүрген К2 промоутерлік компаниясы Геннадий Головкин үшін деп әлгі аренаны сол датаға жалға алып қойыпты.

Әйтсе де, кімге қарсы жұдырықтасатыны әзірге белгісіз. Шетелдік БАҚ өкілдеріне сүйенсек, Головкиннің 30-шы қарсыласы америкалық Джеймс Киркланд болуы ғажап емес. Кәсіпқой бокста 33 айқастың біреуінде ғана жеңілген Киркланд 28 қарсыласын нокаутпен жеңіпті. Сондай-ақ, Геннадиймен жұдырықтасудан үміткерлердің қатарында Серхио Мартинес, Андре Уорд және Адонис Стивенсон сынды саңлақтар да бар.
Тегтер:

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай