Геннадий Головкин 38 жасқа толды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин 38 жасқа толды Фото: Тұрар Қазанғапов

Танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 38 жасқа толды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 38 жасқа толды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Головкин 1982 жылы 8 сәуірде Қарағандыда дүниеге келген. 

Әуесқойлар арасында әлем чемпионы, 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, кәсіпқой бокста IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. 

The Ring журналының нұсқасы бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшы (2017 жылдың 27 қыркүйегі - 2018 жылдың 15 қыркүйегі). WBA, WBC және танымал Boxingnews24.com басылымының нұсқасы бойынша 2017 жылдың үздік боксшысы. 

Геннадий Головкин жекпе-жегінің көбін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ол орта салмақта титулдарын 20 рет сәтті қорғап, Бернард Хопкинстің рекордын қайталады. 

Биыл қыркүйекте Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізуі мүмкін. БАҚ-та хабарланғандай, тараптар трилогияның қаржылық шарттарын ауызша келіскен. Инсайдерлердің мәліметі бойынша, кездесу 12 қыркүйекке жоспарланған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети