WBA (Super), IBO тұжырымдарының чемпионы және WBC белбеуінің уақытша иегері Геннадий Головкин АҚШ-қа көшуі туралы, ағылшын тілін меңгеріп жатқандығы және орта салмақта емес, өзге салмақтарда да мықты боксшылармен жұдырықтасып қалуы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
WBA (Super), IBO тұжырымдарының чемпионы және WBC белбеуінің уақытша иегері Геннадий Головкин АҚШ-қа көшуі туралы, ағылшын тілін меңгеріп жатқандығы және орта салмақта емес, өзге салмақтарда да мықты боксшылармен жұдырықтасып қалуы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Sportbox.ru порталына берген сұхбатында Геннадий Головкин оған қазіргі таңда орта салмақтағы ең мықты боксшыны анықтап алған маңызды екенін айтты. "Қазір маған негізінен өзім өнер көрсететін орта салмақта қала бергенім дұрыс. Бірақ өзге салмақтардағы таза "қаржылық" жекпе-жектер ұйымдастыруға болады. Десе де ең қолайлысы - орта салмақ. Мысалы, орта салмақта Альвареспен кездесу ұйымдастыру. Алайда бүгінгі таңда бұл тек әңгіме күйінде ғана айтылып жүр. Бір жағынан бұл ештемені білдірмейді, ал екінші жағынан барлығы да бұл жекпе-жекті ұйымдастыруға ниетті. Қалай болғанда да нақты келісімшарт жасалып біткенше бұл да алып-қашпа әңгіме болады. Маған қазір орта салмақтағы ең мықты боксшыны анықтап алғаным маңызды", - дейді Головкин.
Геннадий Головкин сондай-ақ қазір ағылшын тілін толық меңгеріп алмағанын айтты. "Мен қазір ағылшын тілін толық меңгеріп алдым деп айта алмаймын. Ал бокс терминдерін күн сайын жаттығу залында үйреніп жүрмін. Мен ол жақта бапкеріммен және жігіттермен әңгімелесіп, тәжірибе алып жүрмін. Бірақ, мен ағылшын тілін жүйелі әрі дағдылы оқып жатқан жоқпын. Тіл үйренудегі басты кемшілігім осы. Бұған уақыт жетпейді. Сондықтан да қазірге дейін үйренген ағылшын тілім жаттығу залындағы тәжірибе мен күнделіктің қарым-қатынастың нәтижесі", - дейді Геннадий Головкин.
Ал АҚШ-қа көшу туралы сұраққа отандасымыз: "Әлі көшкен жоқпын, бұл менің жоспарымда", - деп жауап берді.