24 қазан 2014 16:50

Геннадий Головкин америкалық Андре Уордтан жеңіліп қалуы мүмкін - Родригес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Боксшы Андре Уорд. ©REUTERS Боксшы Андре Уорд. ©REUTERS

WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, WBC уақытша чемпионы белбеуінің иегері Геннадий Головкин WBA тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Андре Уордтан ұтылып қалуы мүмкін. Доминиканның кәсіби боксшысы Эдвин Родригес осылай деп есептейді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, WBC уақытша чемпионы белбеуінің иегері Геннадий Головкин WBA тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Андре Уордтан ұтылып қалуы мүмкін. Доминиканның кәсіби боксшысы Эдвин Родригес осылай деп есептейді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Родригес - Уордқа қарсы рингке шыққан соңғы боксшы, ол 2013 жылдан бері өз промоутерімен сот дауына байланысты мансабында үзіліс алды. Доминикандықтың айтуынша, қулығына құрық бойламайтын әрі өзіндік стилі бар Уорд - Геннадий Головкинді жеңе алатын боксшы. 

"(...) Уордта 12 раундтық жекпе-жекте Головкиннің күшін жойып жіберетін мүмкіндік бар", - деді Родригес. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. Осыған дейін америкалық боксшы Андре Уорд командасының мүшелері Уордта қазақстандық Геннадий Головкиннің жеңіліссіз келе жатқан жолын тоқтата алатын және мансап жолын қирататын мүмкіндік бар деп мәлімдеген.

Геннадий Головкин WBC бойынша әлем чемпионының белбеуіне таласуға шамамен бір жылдай уақыт күтетіні айтылды. Боксшылар арасындағы жекпе-жек 19 қазан күні Карсонда (АҚШ, Калифорния штаты) өтіп, екінші раундта Головкиннің жеңісімен аяқталды. Осылайша қазақстандық боксшы WBA (Super) және IBO нұсқаларындағы өзінің орта салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғап, сондай-ақ осы кезге дейін Рубиоға тиесілі болып келген Бүкіләлемдік боксшылар кеңесінің (WBC) уақытша чемпионы белбеуін жеңіп алды. Осылайша, ол мерзімінен бұрын 18 жеңіске жетіп, 28 қарсыласын нокаутқа жіберді, сонымен бірге, P4P рейтингінде көтеріліп, әлемнің үздік нокаутшысы статусын жоғарылатты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети