Геннадий Головкин елімізде "Үздік спортшы-2014" болды

16 Қаңтар 2015, 09:49
0
Геннадий Головкин елімізде "Үздік спортшы-2014" болды - Геннадий Головкин. ©Boxingscene.com
Геннадий Головкин. ©Boxingscene.com

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Қазақстанда "Үздік спортшы-2014" атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz

2014 жылы ресми түрде халықаралық жарыстарда ең жоғарғы нәтижелерге қол жеткізген спортшыларға дауыс беруді ҚР Мәдениет және спорт министрі өткізді. Оның нәтижесінде Геннадий Головкин 1861 ұпай немесе барлық дауыс бергендердің 44,90 пайыз дауысын жинады. Екінші орынды 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен алды (1339 немесе 32,30 пайыз). Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.    

Еске сала кетейік, өткен жылы Геннадий Головкин рингке үш рет шығып, үшеуінде де уақытынан бұрын жеңіске жетіп отырды. Қазақстандыққа бірінші болып ганалық Осуману Адама шықты (1 ақпан, Монте-Карло, Монако), одан кейін австралиялық Дэниэл Гилмен жұдырықтасты (27 шілде, Нью-Йорк, АҚШ). Ал АҚШ-та 19 қазанда өткен соңғы кездесуінде қазақстандық боксшы мексикалық Марко Антонио Рубионы нокаутқа түсірді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай