25 маусым 2015 16:10

Геннадий Головкин Флойд Мейвезермен жекпе-жек өткізу үшін салмақ қуа бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. ©Boxingscene.com Геннадий Головкин. ©Boxingscene.com

Бокстан орта салмақта WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Мигель Котто мен Сауль Альварестің жекпе-жегінің жеңімпазын күтпеуге бел буды.


Бокстан орта салмақта WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Мигель Котто мен Сауль Альварестің жекпе-жегінің жеңімпазын күтпеуге бел буды.

Worldboxingnews.net мәліметінше, Головкин америкалық боксшы Флойд Мейвезер кіші 12 қыркүйекте онымен кездесуге келісім беретін жағдай туып қалуы мүмкін деген үмітпен 154 фунтқа (69,9 келі) дейін салмақ қуа бастады. 160 фунтта (72,6 келіге дейін) жұдырықтасатын қазақстандық боксшы америкалықтың әкесінің қойған талаптарын да орындауға ниеттеніп отыр - салмақ өлшеу рәсімін жекпе-жек болатын күні өткізу.

Бұған дейін Мейвезер кішінің әкесі Головкиннің салмақ өлшеу рәсімінде жартылай орта немесе жартылай ауыр салмақ дивизионына дейін көтеріліп кетуі мүмкін екендігін айтқан болатын. 

"Егер мен Флойдтың орнында болсам, Головкинге жекпе-жек болатын күнге дейін салмағын ұстап бірқалыпты тұруын талап ететін едім. 69,9 келі салмақ дәрежесінде немесе 68 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасар едім, бірақ Головкин кездесу сәтінде де сол салмақтан асып кетпеуі керек", - деді Мейвезер кішінің әкесі.

Еске салайық, Мейвезер кіші 12 қыркүйекте соңғы кездесуін өткізетінін мәлімдеген болатын, алайда қарсылас таңдамаған еді. Америкалықпен жекпе-жекке шығуға бірнеше мәрте дайын екенін мәлімдеген Головкин де қыркүйек айында рингке шығуды жоспарлап отыр. 

Қазақстандық WBC белбеуіне таласуға міндетті үміткер, алайда Котто Головкинмен жұдырықтасуға асығар емес. Пуэрто-Рико боксшысы күзде Альвареске қарсы шығуы мүмкін. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети