WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен бірге жаттығып жүрген жеңіл салмақтағы белгілі америкалық боксшы Джоэль Диаз-кіші жерлесіміздің жаттығу кезіндегі тәсілдері жөнінде айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz "ВКонтакте" желісіндегі GGG тобына сілтеме жасап. Оның айтуынша, жаттығу кезінде Геннадий Головкин тайм-аут пен үзіліске сеніп, арқа сүйемейді.

"Физикалық дайындық кезінде менде өте ауыр жаттығулар болды. Генамен бірге жаттығу үлкен мәртебе, бірақ ол үзіліс, тайм-аут дегенге арқа сүйемейді!", - деді Диаз-кіші. Еске сала кетейік, Геннадий Головкин 16 мамыр күні Инглвудтың 17 мың адамдық The Forum аренасында өтетін келесі жекпе-жегіне Big Bear жаттығу лагерінде дайындалып жатыр. Қазақстандық боксшының келесі қарсыласы - америкалық Вилли Монро-кіші.
Головкиннің промоутері Том Лиффлердің айтуынша, "Форум" орталығында бокс кешіне сатылымға шыққан күннен бері бес мыңнан аса билет сатылған. "Мақсат - 16 мамырға дейін 13 мың билет сату", - деді ол. Геннадий Головкин алдағы жекпе-жекке арнап "мексикалық стильде" капа жасатып жатыр. Айта кетейік, ақпан айында Монте-Карлодағы ұлыбританиялық Мартин Мюрреймен өткен жекпе-жекте жерлесіміз 19-шы рет уақытынан бұрын жеңіске жеткен болатын.